Kaspi дүкені
Жүкқұжат (накладная) екі мақсатта басып шығарылады:

  • «Принтерді» таңдаймыз — бұл тауарды қаптауға арналған.
  • «Чек принтерін» таңдаймыз — бұл нұсқаны кассада соғылған фискалды чекпен бірге өзіңізге қалдырасыз.

Содан кейін кассада «Брондалған тауарлар» (Забронированные товары) бөлімін ашып, чекті басып шығарыңыз.

Принтерден шыққан жүкқұжатты алып, тауарды Kaspi ережелеріне сай қаптаңыз. Қаптап болған соң, тапсырысты Kaspi беру пунктіне (Замлер) өткізіңіз.
Kaspi сатушы кабинеті
Kaspi жеке кабинетіне кіру сілтемесі: https://idmc.shop.kaspi.kz/login

Kaspi сатушы кабинеті — мұнда барлық тапсырыстар өңделеді.

«Тапсырыстар» (Заказы) бөлімі сол жақ бағанда орналасқан.
Кабинет бөлімдерінің мазмұны:

«Қол қоюда» (На подписании) – клиенттер несиеге рәсімдеген тапсырыстар. Клиент банкке барып, шартқа қол қоюы тиіс. Қол қойылғаннан кейін тапсырыс автоматты түрде «Қаптау» бөліміне өтеді. Бұл жерде біз ештеңеге тиіспейміз, тапсырыстың өзі «Қаптау» бөліміне өткенін күтеміз.

«Өз бетімен алып кету» (Самовывоз) – клиенттер өздері келіп алып кететін тапсырыстар.
Клиент немесе курьер тапсырысқа дәріханаға келген кезде, қажетті тапсырысты тауып, оның нөміріне басыңыз.
Төменгі жағындағы «Тапсырысты беру» (Выдать заказ) батырмасын басыңыз. Клиент 4 таңбалы кодты айтуы тиіс, оны жүйеге енгізу қажет. Содан кейін кассада фискалды чек соғып, тауарды клиентке беріңіз.
«Қаптау» (Упаковка) бөлімі — мұнда дайындауды және рәсімдеуді қажет ететін барлық тапсырыстар жинақталған.
Тапсырыстың үстінен басып, оның құрамын тексеру керек, содан кейін жүкқұжатты (накладная) қалыптастыру қажет.
«Қаптау» бөліміндегі тапсырыс «Жіберу» (Передача) бөліміне ауысады.
«Жіберу» (Передача) бөлімінен қажетті тапсырысты тауып, жүкқұжатты (накладная) жүктеп алыңыз.
Сатушының жеке кабинетінде экспресс тапсырыстар автоматты түрде қабылданады.

Қабылданғаннан кейін олар бірден «Қаптау» (Упаковка) бөліміне түседі.

Жеткізу тәсілінде мұндай тапсырыстар ерекшеленіп, «Экспресс» деп белгіленген.
Жүйеде тапсырысты рәсімдеп, дайындауға қажетті уақыт көрсетіледі.

Экспресс тапсырыстарды бірінші кезекте, жылдам әрі уақытылы рәсімдеу керек. Себебі тапсырысты кешіктіріп өткізу рейтингке және сапа көрсеткішіне әсер етеді.

Экспресс тапсырыстарды алып кету үшін курьер дәріхананың өзіне келеді.

Тапсырысты дайындаңыз, жүкқұжатты (накладная) қалыптастырып, басып шығарыңыз. Кассада чекті соғып, жүкқұжатты тауармен бірге пакетке салыңыз.

Рәсімделгеннен кейін экспресс тапсырыс автоматты түрде «Жіберу» (Передача) бөліміне өтеді, ол жерден курьердің тапсырысқа қашан келетінін көруге болады.
Курьерден тапсырыс нөмірін нақтылап сұраңыз және жеткізу үшін тиісті тапсырысты оған табыстаңыз.

Kaspi экспресс тапсырыстары

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Kaspi бойынша жұмыс істейтін фармацевт жұмыс күні ішінде қайтарулар мен олардың мәртебесін (статусын) міндетті түрде қадағалап отыруы тиіс.

1. Клиенттің тапсырыстан бас тартқанын және тауарды дәріханаға қайтару керектігін қалай білуге болады?

Kaspi жеке кабинетіне кіріп, «Жеткізу кезінде жойылғандар» (Отменены при доставке) қойындысына өтіңіз.
Қайтару мәртебелері (статустары) бойынша түсіндірме:

  • Келуін күтуде (Ожидают прибытия) – Тапсырыстар әлі беру пунктіне жеткен жоқ, жолда келе жатыр.
  • Қоймаға қайтарылды (Возвращены на склад) – Тапсырыстар Kaspi беру пунктінде біздің қызметкерді күтіп тұр.
Назар аударыңыз! Фармацевт тек «Қоймаға қайтарылды» қойындысымен жұмыс істеуі керек.

Фармацевт дәріхана курьеріне тапсырыс нөмірі мен беру пунктінің мекенжайын беруі тиіс, содан кейін курьер сол жерден тауарларды алып кетеді. Егер Kaspi қызметкері «тауар жоқ» десе, курьер фармацевтке хабарласады, ал фармацевт 2323 нөмірі бойынша Kaspi қолдау қызметіне хабарласуы қажет.
Курьер қайтарылған тапсырыстарды алып, дәріханаға әкеледі. Одан кейін фармацевт дәріхана ережелеріне сәйкес қайтаруды рәсімдейді.

Жоғалған тапсырыстар

Егер тауар Kaspi жеткізуі кезінде жоғалса, фармацевт тапсырыс бойынша тауардың жоғалғаны туралы өтінім береді. Ол үшін фармацевт Kaspi Pay қосымшасына кіріп — «Хабарламалар» (Сообщения) бөлімін — содан кейін «Kaspi Гид» чатын таңдайды.
Чатқа фармацевт «Форма по утере товара» деп жазады.

Бұдан кейін фармацевт арнайы форманы толтырады: тапсырыс нөмірін көрсетеді және тауардың қалай жоғалғанын сипаттап жазады (мысалы: «тапсырысты клиент жеткізуге берілгеннен кейін жойды, бірақ тауар кері қайтарылмады» және т.б.).
Kaspi бұл өтінімді қарастырып, жауабын береді. Тауар табылып, беру пунктіне қайтарылады (ол жерден курьер алып кете алады) немесе тауардың құны ұйымның шотына аударылады.


Егер тауарды жеткізу қызметі зақымдаса (мысалы, клиент тапсырыстан бас тартқан кезде Kaspi курьері тауарды бүлдіріп алса), арнайы форманы толтырып, зақымдалған жерлері көрінетін фотосуреттерді тіркеу қажет.

Ол үшін фармацевт Kaspi Pay қосымшасына кіріп — «Хабарламалар» бөлімін — содан кейін «Kaspi Гид» чатын ашады.
Чатқа фармацевт «Доставили поврежденный товар» деп жазады.
Бұдан әрі фармацевт форманы толтырады: тапсырыс нөмірін жазады, жағдайды сипаттайды (тауарды Kaspi жеткізу қызметі зақымдады) және бүлінген тауардың фотосуреттерін қосады.
Kaspi бұл өтінімді қарастырып, кері байланыс береді.

Kaspi кабинетіндегі «Қайтарулар» (Возвраты) бөлімі

Клиенттің тапсырысты қайтаруға өтінім беруге мүмкіндігі бар.

«Жаңа өтінімдер» (Новые заявки) – мұнда клиенттер ресімдеген барлық жаңа өтінімдер көрінеді.
Тапсырыстың үстінен бассаңыз — қайтару туралы барлық ақпарат, клиенттің деректері және оның қайтару себебі ашылады.
Қайтару себебімен танысқаннан кейін, тауарды тексеруге қабылдау немесе қайтарудан бас тарту керек.
«Тауарды тексеруге алу» (Получить товар на проверку) батырмасын басқаннан кейін, тапсырыс автоматты түрде «Жеткізуде» (На доставке) бөліміне өтеді. Бұдан әрі клиентке тапсырысты курьерге өткізу күнін таңдау қажет болады.
Тапсырысты таңдаған кезде ақпарат ашылады, сол жерден тауардың «Замлер» қоймасына қашан жеткізілетінін көруге болады.
Қайтару тапсырысы «Замлерге» жеткізілгеннен кейін, ол «Шешім күтілуде» (Ожидают решения) бөліміне ауысады.
Тапсырысты таңдаған кезде оның нақты қай жерде екені (Замлер мекенжайы) және шешім қабылдау мерзімі туралы ақпарат ашылады: ақшаны қайтаруды рәсімдеу немесе қайтарудан бас тарту.
Тауар ашылған, жартылай пайдаланылған немесе зақымдалған болса, қайтарудан бас тартуға болады.

Егер клиент сіздің бас тартуыңызбен келіспей, шағым түсірсе, бұл тапсырыс «Даулар» (Споры) бөліміне түседі.
«Жабылған өтінімдер» (Закрытые заявки) бөлімі – мұнда шешім қабылданған барлық қайтару өтінімдері жинақталады.

Қайтарулар

  1. Сервис → Брондалған тауарлар бөліміне өтіңіз.
  1. Брондау терезесі ашылады, ол жерден Каспи тапсырыстарын (тапсырыс нөмірі, экспресс тапсырыс) көруге болады.
Қажетті тапсырысты таңдап, оны ашыңыз.

Тауарлардың атауын, санын және бағасын салыстыру қажет:

  • Жоғарғы бөлім — жүйе брондай алған тауарлар;
  • Төменгі бөлім«Позиции заказа», клиенттің алғашқы тапсырысы.
Егер «Позиции заказа» бөлімі көрінбесе:

  • Ctrl + 1 комбинациясын басыңыз, сонда терезе пайда болады.
  • Немесе оны «Заказ»«Позиции заказа» мәзірі арқылы ашуға болады.

Егер бәрі дұрыс болса — тапсырыс мәртебесі «Готов к выдаче» болуы үшін құжатты «сары чемодан» батырмасы арқылы жабыңыз.
Чекті соғу үшін қажетті тапсырысты таңдап, Enter басыңыз.

Тауарлар чекке түседі — тапсырысты соғыңыз.

Кассада чек соғу

! Бронь 5 күнге теңшелген, яғни тапсырыс 26 қаңтарда түссе, броньның аяқталуы 5 ақпан болады.

! Кассада бағдарламаның жаңартылуы теңшелгендіктен, егер тапсырыс дәл осы сәтте түссе, кассадағы бронь бос болады. Мұндай жағдайда менеджер чекті қолмен жеңілдік жасау (F5) арқылы, тек өз жетекшісімен келіскеннен кейін ғана соғады.