Лояльділік бағдарламасы

Қызметкерлерді адалдық бағдарламасына (программа лояльности) өз бетіңше қосуға тыйым салынады. Бухгалтерия тарапынан қызметкер туралы мәліметтер берілгеннен кейін, бұл жұмысты Қасымова Анар мен Омарова Әсел орындайды.

Жиі қойылатын сұрақтар

Клиенттерді тіркеу және белсендіру

Бонустарды есептеу және есептен шығару (жұмсау)

Лояльділік жүйесімен жұмыс істеу нұсқаулығы

2. Сондай-ақ жаңа клиентті Сервис → Новая дисконтная карта мәзірі арқылы тіркеуге болады.

3. Клиенттің аты-жөнін орыс тілі ережелеріне сай, бас әріппен және «/» сияқты ешқандай қосымша белгілерсіз дұрыс енгізу маңызды.

4. Базаға клиенттің туған күнін де міндетті түрде енгізу қажет. Болашақта біз туған күндерге бонустар есептейтін боламыз, сондықтан бұл ақпарат біз үшін өте маңызды.

5. Базаға жаңа клиентті енгізген кезде, келесі жолы жиналған бонустарды жұмсай алуы үшін оның бонустық картасын бірден белсендіру (активация) қажет.

6. Егер клиентті тіркеген кезде картаны белсендірмесеңіз, оны клиенттің келесі келуінде жасауға болады. Ол үшін Сервис → Просмотр дисконтной карты → «Активация» батырмасын басыңыз. Немесе CTRL+D пернелер тіркесімін қолданыңыз.
1. Егер клиентті зейнеткер ретінде тіркеу мүмкін болмаса, оны әзірше әдеттегі клиент ретінде тіркеңіз. Содан кейін дәріханаңыздың WhatsApp-тағы тобына «Зейнеткер мәртебесіне ауыстыру» деген белгімен мына деректерді жіберіңіз:

  • Аты-жөні (ФИО)
  • ЖСН (ИИН) нөмірі
  • Клиенттің телефон нөмірі

2. Егер зейнеткердің ұялы телефоны болмаса, дәріханаңыздың WhatsApp тобына оның аты-жөні мен ЖСН нөмірін көрсетіп, өтініш жазыңыз. Біз мұндай клиентті базаға қосып, оған арнайы нөмір береміз. Сіз ол нөмірді клиентке айтуыңыз керек. Келесі жолы келгенде осы нөмір арқылы зейнеткерді базадан тауып, жеңілдік жасай аласыз.
Клиентті қалай іздеу керек?
2-тәсіл. Клиентті Чек → Дисконтная карта мәзірі арқылы телефон нөмірі бойынша іздеп көріңіз.
3-тәсіл. Клиенттің ЖСН (ИИН) нөмірін «Дисконт №» өрісіне жазып көріңіз.
Егер осы тәсілдердің ешбірі бойынша клиент табылмаса, онда оны жаңа клиент ретінде қосыңыз.

Лояльділік бағдарламасына жаңа клиентті тіркеу

Зейнеткерлер

1. Клиентті «Дисконт №» өрісі арқылы қосуға болады:
Клиентті лояльділік бағдарламасына тіркемес бұрын, ең алдымен оның базада бар-жоғын тексеру керек. Ол үшін клиентті мына үш тәсілмен іздеп көру қажет:

1-тәсіл. Клиенттің телефон нөмірін «Дисконт №» өрісіне жазыңыз.