103.kz

Тапсырыстармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

Назар аударыңыз! 103.kz тапсырыстары бойынша Добрая аптека адалдық жүйесін (лояльность) қолдануға толықтай тыйым салынады.

Фискалдық чекке клиенттің нөмірін енгізуге тыйым салынады!

Бонустарды есептеу және есептен шығару тек тікелей Добрая аптека-да жасалған сатып алулар кезінде ғана рұқсат етіледі!

Бұл ереже барлық онлайн сатылымдарға қолданылады!
103.kz – бұл клиникалар мен олардың қызметтері туралы ақпарат, дәрігерлермен онлайн-кеңес беру сервисі, сондай-ақ дәріхана тауарларының каталогы орналасқан медициналық портал.

Біздің желіде 103.kz сервисімен интеграция жоқ.

Бұл қалай жұмыс істейді?

1. Клиент 103.kz сайтында тапсырысты рәсімдейді.

2. 103.kz менеджері дәріхананың жұмыс телефонына қоңырау шалып, келесі мәліметтерді хабарлайды:

  • атауын
  • тапсырыс берілген тауарлардың құнын
  • тапсырысты рәсімдеген клиенттің атын

3. Фармацевт, егер тауар осы баға бойынша қажетті мөлшерде болса, тапсырысты растайды немесе тауар осы баға бойынша жоқ болса, тапсырыстан бас тартады.

4. Ресурс менеджері сіздің жауабыңызды клиентке жеткізеді.

5. Егер тапсырыс расталса, оны жинап, 24 сағатқа алып қою керек. Тауар сатылып кетпеуі және клиент үшін резервте тұруы үшін фармацевт клиентке тапсырысты төлеуді (қашықтан шот жіберу арқылы) ұсынады. Назар аударыңыз! Тапсырысты рәсімдеу кезінде клиент төлеген төлем әдісін таңдаңыз.

6. Дәріханаға келген кезде сатып алушы тапсырыс сақталған есімді атайды.

7. Тауарларға төлем дәріханада алған кезде жасалады.

8. Төлем жасау кезінде «Рецепт» өрісінде 103.kz сервисін көрсету қажет.