APTEKA.COM

Тапсырыстармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

Назар аударыңыз! Apteka.com тапсырыстары бойынша Добрая аптека адалдық жүйесін (лояльность) қолдануға толықтай тыйым салынады.

Фискалдық чекке клиенттің нөмірін енгізуге тыйым салынады!

Бонустарды есептеу және есептен шығару тек тікелей Добрая аптека-да жасалған сатып алулар кезінде ғана рұқсат етіледі!

Бұл ереже барлық онлайн сатылымдарға қолданылады!
Apteka.com – бұл клиент біздің Эмити жеткізушіміздің бағасымен тапсырыс бере алатын сайт, клиент тапсырысты біздің дәріханалардың бірінен алып кетеді. Жұмыс жүйесі Wildberries немесе Ozon беру пунктіне ұқсайды.

Бұл қалай жұмыс істейді?

1. Клиент apteka.com сайтында кез келген тауарға тапсырыс береді және осы тапсырысты алу пункті ретінде біздің кез келген дәріхананы таңдайды.

2. Тапсырыс apteka.com жүйесіне түседі және менеджер қапталған тапсырысты Эмити-дің басқа тауарларымен бірге біздің тиісті дәріханаға жібереді.

3. Тапсырыс клиентке беру үшін қапталған, қаптаманы ашуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
4. Тапсырыс үш жүкқұжатпен келеді: 1 - APTEKA.COM белгісі бар, 2 - таңбалау кодтарын қамтиды, 3 - клиентке беріледі және таңбаланбаған тауарлардың штрихкодтарын қамтиды.
5. Тауарды APTEKA.COM белгісі бар жүкқұжат бойынша стандартты схемамен базаға тіркеу қажет. Таңбалау кодтарын тауардың өзінен емес, жүкқұжаттан сканерлейміз (себебі қаптаманы ашуға болмайды). Базада жеткізушіден келген кіріс құжатында клиенттің тапсырыс нөмірі мен APTEKA.COM белгісі автоматты түрде көрінеді.
6. Таңбалау расталғаннан және түсім құжаты жабылғаннан кейін осы тапсырысқа бронь жасау туралы ақпараты бар терезе шығады. «Иә» батырмасын басу қажет.
7. Барлық кіріс жүкқұжаттарының тізімінде құжат «Жасалған» өрісі арқылы «Apteka.com» деп белгіленеді.
8. Осы жүкқұжатқа автоматты түрде бронь қалыптасады (барлық онлайн тапсырыстар сияқты), осылайша тауар клиентке бекітіледі және тауар қорында көрінбейді.
9. Клиент тапсырысты алған кезде, ол айтқан тапсырыс нөмірін жүкқұжаттағы және тапсырыс орамасындағы нөмірмен салыстыру қажет. Клиентке жүкқұжатты тапсырыспен бірге береміз.
10. Онлайн тапсырыстарды берудің стандартты схемасы бойынша жүзеге асырамыз (Төмендегі нұсқаулықты қараңыз): чекте клиент дәріханада төлейтін төлем құралын таңдаймыз, ал «Рецепт» өрісіне «аптека.ком» немесе «apteka.com» деп жазамыз.
11. Назар аударыңыз! Тауар 5 күнтізбелік күн бойы бронда болады.

Егер броньның соңғы күні клиент тапсырысын алмаса, меңгерушіге және WhatsApp-тағы Эмити жұмыс тобына мына ақпаратты міндетті түрде хабарлау керек:

  • жүкқұжат нөмірі
  • тапсырыс нөмірі
  • клиенттің тапсырысты алмағаны туралы түсініктеме

Содан кейін стандартты схема бойынша қайтаруды рәсімдейміз және Эмити жүргізушісі бұл тапсырысты қайтару жүкқұжатымен бірге алып кетеді.
Егер «Жоқ» батырмасын басып қойсаңыз, бронь автоматты түрде жасалмайды, сондықтан меңгерушіге дереу хабарласып, оған броньды қолмен жасату керек, әйтпесе тауар басқа біреуге сатылып кетуі мүмкін.
Егер тауар температуралық режимді қажет етсе, ол басқа тауарлардан бөлек оралып, Эмити жүргізушісі арқылы тоңазытқыш контейнерінде жеткізіледі. Мұндай тауарды міндетті түрде тоңазытқышқа орналастыру қажет.
Назар аударыңыз! Apteka.com тапсырыстарында тауарды ауыстыруға болмайды, өйткені кассада жаңа тауар көрсетілмейді. Егер клиент тапсырысқа қосымша тауар алғысы келсе, оны қарапайым офлайн сатылым ретінде рәсімдеу керек.
Назар аударыңыз: тапсырыстар кассадағы «Брондалған тауарлар» бөлімі арқылы өңделеді.
1. Тапсырыстың дұрыстығын тексереміз.

Мәзірге өтіңіз: СервисБрондалған тауарлар
«Брондау» терезесі ашылады, онда нөмірі A-456352 немесе MA-73845 болатын Apteka.com тапсырыстары көрсетіледі (тапсырыс нөміріндегі цифрлар әртүрлі болады).
Тапсырысты тексеру үшін кассадағы бронды ашыңыз — қажетті тапсырыстың үстінен тінтуірдің сол жақ батырмасымен екі рет басыңыз.

Брондау құжаты ашылады.

Тауарлардың позициялары мен санын салыстыру қажет:

  • Жоғарғы бөлім — жүйе брондай алған тауарлар;
  • Төменгі бөлім — «Тапсырыс позициялары», яғни клиенттің алғашқы тапсырысы.
Егер «Тапсырыс позициялары» бөлімі көрінбесе:

  • Ctrl + 1 пернелер тіркесін басыңыз, сонда терезе пайда болады.
  • Немесе оны «Тапсырыс»«Тапсырыс позициялары» мәзірі арқылы ашуға болады.
Егер бәрі дұрыс болса — тапсырыс мәртебесі «Беруге дайын» күйіне ауысуы үшін құжатты «сары чемодан» батырмасы арқылы жабыңыз.
Егер тапсырыста қате болса немесе тауар жоқ болса — тапсырысты агрегатордың техникалық қолдау қызметі арқылы жою қажет.
Чек тек курьер дәріханаға келген кезде ғана соғылады.

  1. СервисБрондалған тауарлар бөліміне өтіңіз.
  2. Қажетті тапсырысты таңдаңыз.
  3. Enter батырмасын басыңыз.
  4. Тауарлар чекке түседі — тапсырысты соғыңыз.
Чекті соғу
Тапсырысты кассада өңдеу
12. Егер тауар таңбаланған болса, жүйе чекті соғу кезеңінде таңбалау кодын сканерлеуді сұрайды.
Тек «Белсенді» мәртебесі бар таңбалау кодын, яғни касса нақты сұрап тұрған кодты ғана сканерлеу қажет.
Таңбаланған тауармен жұмыс істеу кезіндегі ықтимал қателер:

  1. «Мұндай SGTIN бар партия табылмады» қатесі → Компьютерді қайта жүктеңіз немесе компьютер мен кассаны қайта жүктеу үшін бағдарламашыға хабарласыңыз. Содан кейін чекті қайта соғып көріңіз. Егер қате қайталанса, тапсырысты агрегатордың техникалық қолдау қызметі арқылы жоюға тура келеді (жұмыс телефонынан қоңырау шалу керек).
«Тауарды бөлімде бар мөлшерден артық есептен шығару әрекеті» қатесі → Компьютерді қайта жүктеңіз → Егер қате қайталанса, тапсырысты агрегатордың техникалық қолдау қызметі арқылы жойыңыз (жұмыс телефонынан қоңырау шалу керек). Кассадан фото түсіріп, WhatsApp тобына Онлайн тапсырыс нөмірін, тауар атауын және тауар таңбаламасының фотосын жіберу қажет.
Тауардың артық қаптамасы қосылып кетсе (мысалы, клиент 3 қаптамаға тапсырыс берсе, ал касса 4-еу қосқан) → тапсырысты агрегатордың техникалық қолдау қызметі арқылы жою қажет (жұмыс телефонынан қоңырау шалу керек).

Содан кейін кассадан фото түсіріп, WhatsApp тобына Онлайн тапсырыс нөмірін және артық қаптама соғылып тұрған тауардың атауын жазу қажет.
Таңбаланған тауарды босату