Aurma

Тапсырыстармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

Назар аударыңыз! Aurma тапсырыстары бойынша Добрая аптека адалдық жүйесін (лояльность) қолдануға толықтай тыйым салынады.

Фискалдық чекке клиенттің нөмірін енгізуге тыйым салынады!

Бонустарды есептеу және есептен шығару тек тікелей Добрая аптека-да жасалған сатып алулар кезінде ғана рұқсат етіледі!

Бұл ереже барлық онлайн сатылымдарға қолданылады!
Дәріхананың жұмыс телефонында Telegram қосымшасы міндетті түрде орнатылуы және онлайн-сервис операторлары бар дәріхана тобы қосылған болуы тиіс.
Онлайн-тапсырыс түскен кезде хабарлама алдымен Telegram-ға келеді.
15 минуттан кейін кассалық бағдарламадағы «Құжатты өңдеу» (Обработать документ) мәртебе терезесінде жаңа «брондау» құжаты пайда болады.

Назар аударыңыз: тапсырыстар тек кассадағы «Брондалған тауарлар» (Забронированные товары) бөлімі арқылы өңделеді.
Мәзірге өтіңіз: Сервис → Брондалған тауарлар (Забронированные товары)
«Брондау» терезесі ашылады, онда барлық онлайн-тапсырыстар көрсетіледі (мысалы, Аурма тапсырысы).

  • «Аурма Яндекс доставка» — жеткізуі бар тапсырыс, оны клиент алдын ала төлеп қойған.
  • «Аурма самовывоз» — клиент тапсырысты өзі алып кетеді және дәріханада төлейді. Клиентте тапсырысты алып кету үшін екі күн уақыт бар. Егер клиент тапсырысқа келмесе, кассадағы бронь автоматты түрде жойылады.

«Аурма Яндекс доставка» — жеткізуі бар тапсырыс, оны клиент төлеп қойған.
Тапсырысты тексеру үшін кассадағы броньды ашыңыз, ол үшін қажетті тапсырысты (Аурма) тінтуірдің сол жақ түймесімен екі рет басыңыз. Брондау құжаты ашылады.

Тауарлардың атауы мен санын салыстырып тексеру қажет:

  • Жоғарғы бөлігі — жүйе брондай алған тауарлар;
  • Төменгі бөлігі — «Тапсырыс позициялары», клиенттің алғашқы тапсырысы.
Егер «Тапсырыс позициялары» бөлімі көрінбесе:

  • Ctrl + 1 пернелер тіркесін бассаңыз, терезе пайда болады.
  • Немесе оны «Тапсырыс» → «Тапсырыс позициялары» мәзірі арқылы ашуға болады.
Егер бәрі дұрыс болса — тапсырыс мәртебесі «Берілуге дайын» (Готов к выдаче) болуы үшін құжатты «сары чемодан» батырмасы арқылы жабыңыз.

Осыдан кейін ғана клиентке тапсырыстың дайын екендігі туралы хабарлама келеді (өзі алып кететін болса) немесе курьер шақырылады (жеткізу болса).
Егер тапсырыста қате болса немесе тауар жоқ болса — «Құжатты жою» (крестик белгісі бар батырма) батырмасын басып, тапсырыстың күшін жою қажет.
Назар аударыңыз: бұл тек тапсырыс «чемодан» арқылы әлі расталмаған жағдайда ғана мүмкін болады.
Егер кенеттен сіз «чемоданды» басып, яғни тапсырыстың дайын екенін растап қойып, қатені (тауар жоқ, бағасы дұрыс емес және т.б.) содан кейін ғана байқасаңыз, тапсырыстың күшін жою үшін Telegram тобына сервис операторларына жазыңыз.
Чек тек сатып алушы немесе курьер келгенде ғана басылады.

  • Сервис → Брондалған тауарлар бөліміне өтіңіз
  • Қажетті тапсырысты таңдаңыз
  • Enter батырмасын басыңыз
  • Тауарлар чекке түседі - тапсырысты өткізіңіз

«Өзі алып кету» (самовывоз) бойынша чекті басу кезінде клиент төлеген төлем әдісін таңдаңыз (қолма-қол ақша, Kaspi, Halyk және т.б.).
ТАПСЫРЫСТЫ АШУ
ТАПСЫРЫСТЫ ТЕКСЕРУ
ЧЕКТІ БАСЫП ШЫҒАРУ
12. Егер тауар таңбаланған болса, жүйе чекті басу кезеңінде таңбалауды сканерлеуді сұрайды. Тек «Белсенді» мәртебесі бар, яғни касса сұрап тұрған таңбалауды ғана сканерлеу қажет.
Таңбаланған тауармен жұмыс істеу кезіндегі ықтимал қателер:

1. «Мұндай SGTIN коды бар партия табылмады» қатесі → Компьютерді қайта іске қосыңыз немесе бағдарламашыға хабарласып, компьютер мен кассаны қайта жүктетіңіз. Содан кейін чекті қайтадан басып көріңіз. Егер қате қайталанса, Яндекс техникалық қолдау көрсету орталығы арқылы +7 727 347 06 93 нөмірі бойынша тапсырыстың күшін жою қажет (жұмыс телефонынан қоңырау шалу керек).
2. «Тауарды бөлімде бар мөлшерден артық есептен шығару әрекеті» қатесі → Компьютерді қайта жүктеңіз → Егер қате қайталанса, тапсырысты агрегатордың техникалық қолдау қызметі арқылы жойыңыз (жұмыс телефонынан қоңырау шалу керек). Кассадан фото түсіріп, WhatsApp тобына Онлайн тапсырыс нөмірін, тауар атауын және тауар таңбаламасының фотосын жіберу қажет.
3. Тауардың артық қаптамасы қосылып кетсе (мысалы, клиент 3 қаптамаға тапсырыс берсе, ал касса 4-еу қосқан) → тапсырысты агрегатордың техникалық қолдау қызметі арқылы жою қажет (жұмыс телефонынан қоңырау шалу керек).

Содан кейін кассадан фото түсіріп, WhatsApp тобына Онлайн тапсырыс нөмірін және артық қаптама соғылып тұрған тауардың атауын жазу қажет.
Назар аударыңыз! Aurma тапсырыстарында тауарды ауыстыруға болмайды, себебі кассада жаңа тауар пайда болмайды. Егер клиент өзі алып кету (самовывоз) кезінде тапсырысқа қосымша бірдеңе сатып алғысы келсе, ондай тауар кәдімгі оффлайн сауда ретінде өткізіледі.
ТАРБАЛҒАН ТАУАРДЫ БОСАТУ