Назар аударыңыз! Daribar тапсырыстары бойынша Добрая аптека адалдық жүйесін (лояльность) қолдануға толықтай тыйым салынады.
Фискалдық чекке клиенттің нөмірін енгізуге тыйым салынады!
Бонустарды есептеу және есептен шығару тек тікелей Добрая аптека-да жасалған сатып алулар кезінде ғана рұқсат етіледі!
Бұл ереже барлық онлайн сатылымдарға қолданылады!
Daribar сервисінің мобильді қосымшасы немесе жеке терминалы жоқ – тапсырыстар apteka.daribar.kz сайты арқылы түседі.
Бірінші кезекте тапсырыс сайтқа түседі. Сайтта тапсырыс қабылданғаннан кейін, 10-12 минуттан соң кассада бронь пайда болады.
Тапсырыстармен жұмысты бастау үшін
apteka.daribar.kz сайтындағы жеке кабинетке жұмыс телефон нөмірі арқылы кіру қажет.
Кірген кезде көрсетілген телефон нөміріне келетін
растау кодын енгізіңіз. Содан кейін жеке кабинет ашылады және тапсырыстармен жұмыс істеуге болады.
Тапсырыстарды алу және төлеу тәсілдеріСервисте мыналар қолжетімді:
- Өздігінен алып кету (клиент тапсырысқа өзі келеді)
- Курьер арқылы жеткізу
Төлем тәсілдері:- Эквайринг — клиент тапсырыс ақысын алдын ала төлейді.
- Дәріханада төлеу — клиент тапсырыс ақысын дәріхананың өзінде төлейді.
Жаңа тапсырыс түскен кезде сайтта қалқымалы хабарлама (всплывающее уведомление) пайда болады.
Сонымен қатар, Daribar сервисінің операторлары хабарлау үшін тікелей дәріханаға қоңырау шалады.
Жұмыс телефонын әрдайым қасыңызда және дыбыстық режимде ұстауыңызды сұраймыз.
Тапсырысты ашып, бірден атауын, өндірушісін, қаптамасын, бағасын, төлем және жеткізу тәсілін тексеріңіз. Егер бәрі дұрыс болса, «Жинауды бастау» түймесін басыңыз. Осыдан кейін ғана тапсырыс 10-12 минуттан соң кассадағы «Брондалған тауарлар» бөлімінде пайда болады.
3. Daribar тапсырыстары бойынша іс-қимыл тәртібі
4. Жаңа тапсырыс туралы хабарлама
5. Тапсырысты тексеру және жинауды бастау
Чек тек сатып алушы немесе курьер дәріханаға келген кезде ғана шығарылады.
- Сервис → Брондалған тауарлар мәзіріне өтіңіз.
- Қажетті тапсырысты таңдаңыз.
- Enter пернесін басыңыз.
- Тауарлар чекке түседі — тапсырысты шығарыңыз (пробейте).
1. Тапсырыстың дұрыстығын тексереміз.
Мәзірге өтіңіз: Сервис → Брондалған тауарлар
«Брондау» терезесі ашылады, онда Daribar тапсырыстары көрсетіледі.
Тапсырысты тексеру үшін кассадағы броньды ашып, қажетті тапсырысты тышқанның сол жақ түймесімен екі рет басыңыз.
Брондау құжаты ашылады.
Тауарлардың атауы мен санын салыстыру қажет:- Жоғарғы бөлігі — жүйе брондай алған тауарлар;
- Төменгі бөлігі — «Тапсырыс позициялары», яғни клиенттің бастапқыда тапсырыс берген тауарлары.
Егер
«Тапсырыс позициялары» бөлімі көрінбесе:
- Ctrl + 1 пернелерін басыңыз, сонда терезе пайда болады.
- Немесе оны «Тапсырыс» → «Тапсырыс позициялары» мәзірі арқылы ашуға болады.
Егер бәрі дұрыс болса, тапсырыс мәртебесі «Берілуге дайын» болуы үшін құжатты «сары чемодан» түймесі арқылы жабыңыз.
Егер тапсырыста қате болса немесе тауар жоқ болса — тапсырысты
Daribar техникалық қолдау қызметі (Telegram-дағы чат) арқылы жою қажет.
Егер тапсырыстағы тауарлардың барлығы болмаса, клиентпен тек қолда бар тауарларды беруді келісуге болады. Ол үшін де
Daribar техникалық қолдау қызметіне (Telegram-дағы чат) хабарласу қажет.
Егер бәрі дұрыс болса, тапсырыс мәртебесі
«Берілуге дайын» болуы үшін құжатты
«сары чемодан» түймесі арқылы жабыңыз.
Тек осыдан кейін ғана:
- Клиент тапсырыстың дайын екені туралы хабарлама алады (өзі алып кететін жағдайда);
- Курьер шақырылады (жеткізу қажет болған жағдайда).
Сайтта тапсырыс мәртебесі автоматты түрде «берілуге дайын» деп өзгереді.
6. Кассада тапсырыспен жұмыс істеу
Назар аударыңыз: тапсырыстар кассадағы «Брондалған тауарлар» бөлімі арқылы өңделеді.
7. Фискалдық чекті басып шығару
Тапсырыстың түсуіТапсырыс Daribar сайтына түседі. Тапсырыста мыналар көрсетіледі:
- Тапсырыс нөмірі;
- Алу тәсілі (өздігінен алып кету / жеткізу);
- Төлем тәсілі:
«Эквайринг» — тапсырыс ақысын клиент алдын ала төлеген;
«Дәріхана жағында» — төлем дәріханада жасалады.
12. Егер тауар таңбаланған болса, жүйе чекті шығару (пробитие) кезеңінде таңбалау кодын сканерлеуді сұрайды. Тек мәртебесі «Белсенді» таңбалау кодын, яғни касса нақты сұрап тұрған кодты ғана сканерлеу қажет.
Таңбаланған тауармен жұмыс істеу кезіндегі ықтимал қателер:
1. «Мұндай SGTIN коды бар партия табылмады» қатесі → Компьютерді қайта жүктеңіз немесе бағдарламашыға хабарласып, компьютер мен кассаны қайта жүктетіп алыңыз. Содан кейін чекті қайта шығарып көріңіз. Егер қате қайталанса, агрегатордың техникалық қолдау қызметі арқылы тапсырыстан бас тартуға тура келеді (жұмыс телефонынан қоңырау шалу қажет).
2. «Тауарды бөлімде бар мөлшерден артық есептен шығару әрекеті» қатесі → Компьютерді қайта жүктеңіз → Егер қате қайталанса, тапсырысты агрегатордың техникалық қолдау қызметі арқылы жойыңыз (жұмыс телефонынан қоңырау шалу керек). Кассадан фото түсіріп, WhatsApp тобына Онлайн тапсырыс нөмірін, тауар атауын және тауар таңбаламасының фотосын жіберу қажет.
3. Тауардың артық қаптамасы қосылып кетсе (мысалы, клиент 3 қаптамаға тапсырыс берсе, ал касса 4-еу қосқан) → тапсырысты агрегатордың техникалық қолдау қызметі арқылы жою қажет (жұмыс телефонынан қоңырау шалу керек).
Содан кейін кассадан фото түсіріп, WhatsApp тобына Онлайн тапсырыс нөмірін және артық қаптама соғылып тұрған тауардың атауын жазу қажет.
Назар аударыңыз! Онлайн тапсырыстарда тауарды алмастыруға болмайды, себебі кассада жаңа тауар көрінбейді.
Тек тауар санын түзетуге немесе позицияны (тауарды) толықтай жоюға болады.
8. Таңбаланған тауарды босату