Назар аударыңыз! Glovo тапсырыстары бойынша Добрая аптека адалдық жүйесін (лояльность) қолдануға толықтай тыйым салынады.
Фискалдық чекке клиенттің нөмірін енгізуге тыйым салынады!
Бонустарды есептеу және есептен шығару тек тікелей Добрая аптека-да жасалған сатып алулар кезінде ғана рұқсат етіледі!
Бұл ереже барлық онлайн сатылымдарға қолданылады!
Глово сервисі қосылған әрбір дәріханада онлайн-тапсырыстарды қабылдауға арналған терминал орнатылған. Барлық тапсырыстар осы терминалға орнатылған Pelican қосымшасына түседі. Жаңа тапсырыс түскен кезде қосымшада хабарлама пайда болады.
Жұмыс күнінің басында:
- Терминалдың заряд деңгейін тексеру және терминалдың интернетке қосылғанына көз жеткізу қажет.
Қосымшаға кіруге арналған логин мен құпия сөз бұған дейін берілген. Кіру деректері жоғалған немесе ұмытылған жағдайда +7
(727) 357-45-80 нөмірі бойынша Глово қолдау қызметіне хабарласу қажет, техникалық қолдау көрсету бөлімі кіру мүмкіндігін қалпына келтіріп, жаңа құпия сөз береді. Логин мен құпия сөзді жазып алып, қолжетімді жерде сақтау ұсынылады.
Маңызды: Алдымен тапсырыс міндетті түрде Pelican қосымшасында (терминалда) қабылданып, толық өңделуі тиіс. Содан кейін, шамамен 10–12 минуттан соң, тапсырыс Кассадағы «Брондалған тауарлар» бөлімінде пайда болады (төмендегі кассада жұмыс істеу нұсқаулығын қараңыз).
Назар аударыңыз: жаңа Pelican қосымшасында терминалдан чек басып шығарылмайды.
Жаңа өтінімдерді жіберіп алмау үшін терминал параметрлерін қосымша тексеріп, тапсырыстардың түсуі туралы дыбыстық хабарландырудың қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Баптаулар – хабарландырулар – Pelican – барлық хабарландыруларға рұқсат беру
2. Pelican қосымшасымен жұмыс істеу
Тапсырысты қабылдау
- Саусағыңызбен тапсырысты оңға қарай сырғытыңыз.
- «Тапсырысты бастау» түймесін таңдаңыз.
- Тапсырыс «Процессте» бөліміне өтеді
- Тапсырысты басыңыз - тапсырыс туралы ақпарат, яғни тауарлар тізімі ашылады.
- Оң жақ жоғарғы бұрышта («!» белгісі) тапсырыс туралы қосымша ақпаратты көруге болады.
Мұнда тапсырыс мәліметтерін көруге болады: тапсырыс нөмірі мен коды, тапсырыс сомасы, клиенттің телефоны, курьердің деректері және т.б.
Әр тауар бойынша бар-жоғын растаңыз:
Егер тауар бар болса → «Табылды» таңдаңыз
Егер дәріханада тауар нақты аз болса → клиентпен тапсырысты аз мөлшерге түзетуді келісіңіз, содан кейін «–» батырмасымен санын түзетіп, «Табылды» таңдаңыз
Егер тауар жоқ болса → клиентпен келіскеннен кейін позицияны өшіріңіз.
Тауарды таңдаңыз → «Қоймада жоқ» → «Өнімді ауыстыру» → ашылған терезеде жоғарғы жағындағы үш нүктені басып, «Өнімді жою» пәрменін таңдаңыз.
Маңызды:- Тауарларды тек өшіруге немесе олардың санын түзетуге болады.
- Тауарды ауыстыруға болмайды, өйткені ауыстыру кассада көрінбейді.
«Ресімдеуді бастау» →
«Жалғастыру» Чектің фотосын түсіру туралы сұрау пайда болады — бұл міндетті емес. Тауардың фотосын жүктеуге немесе жай ғана «суретке түсіру» батырмасын басуға болады.
Тапсырыстың жалпы сомасын енгізіңіз (оны кассадағы брондау бөлімінен көруге болады) немесе курьер келгеннен кейін кассада соғылатын фискалдық чектің сомасын көрсетіңіз.
Содан кейін «Алуға дайын» батырмасын таңдайсыз.
Осыдан кейін тапсырыс «Аяқталды» бөліміне өтеді.
Назар аударыңыз: тапсырыстар кассадағы «Брондалған тауарлар» бөлімі арқылы өңделеді.
1. Тапсырыстың дұрыстығын тексереміз.
Мәзірге өтіңіз: Сервис → Брондалған тауарлар
«Брондау» терезесі ашылады, онда Glovo тапсырыстары көрсетіледі.
Тапсырысты тексеру үшін кассадағы бронды ашыңыз — қажетті тапсырыстың үстінен тінтуірдің сол жақ батырмасымен екі рет басыңыз.
Брондау құжаты ашылады.
Тауарлардың позициялары мен санын салыстыру қажет:- Жоғарғы бөлім — жүйе брондай алған тауарлар;
- Төменгі бөлім — «Тапсырыс позициялары», яғни клиенттің алғашқы тапсырысы.
Егер
«Тапсырыс позициялары» бөлімі көрінбесе:
- Ctrl + 1 пернелер тіркесін басыңыз, сонда терезе пайда болады.
- Немесе оны «Тапсырыс» → «Тапсырыс позициялары» мәзірі арқылы ашуға болады.
Егер бәрі дұрыс болса — тапсырыс мәртебесі «Беруге дайын» күйіне ауысуы үшін құжатты «сары чемодан» батырмасы арқылы жабыңыз.
Егер тапсырыста қате болса немесе тауар жоқ болса — тапсырысты агрегатордың техникалық қолдау қызметі арқылы жою қажет.
Чек тек курьер дәріханаға келген кезде ғана соғылады.
- Сервис → Брондалған тауарлар бөліміне өтіңіз.
- Қажетті тапсырысты таңдаңыз.
- Enter батырмасын басыңыз.
- Тауарлар чекке түседі — тапсырысты соғыңыз.
4. Тапсырысты кассада өңдеу
12. Егер тауар таңбаланған болса, жүйе чекті соғу кезеңінде таңбалау кодын сканерлеуді сұрайды.
Тек «Белсенді» мәртебесі бар таңбалау кодын, яғни касса нақты сұрап тұрған кодты ғана сканерлеу қажет.
Таңбаланған тауармен жұмыс істеу кезіндегі ықтимал қателер:
- «Мұндай SGTIN бар партия табылмады» қатесі → Компьютерді қайта жүктеңіз немесе компьютер мен кассаны қайта жүктеу үшін бағдарламашыға хабарласыңыз. Содан кейін чекті қайта соғып көріңіз. Егер қате қайталанса, тапсырысты агрегатордың техникалық қолдау қызметі арқылы жоюға тура келеді (жұмыс телефонынан қоңырау шалу керек).
2. «Тауарды бөлімде бар мөлшерден артық есептен шығару әрекеті» қатесі → Компьютерді қайта жүктеңіз → Егер қате қайталанса, тапсырысты агрегатордың техникалық қолдау қызметі арқылы жойыңыз (жұмыс телефонынан қоңырау шалу керек). Кассадан фото түсіріп, WhatsApp тобына Онлайн тапсырыс нөмірін, тауар атауын және тауар таңбаламасының фотосын жіберу қажет.
3. Тауардың артық қаптамасы қосылып кетсе (мысалы, клиент 3 қаптамаға тапсырыс берсе, ал касса 4-еу қосқан) → тапсырысты агрегатордың техникалық қолдау қызметі арқылы жою қажет (жұмыс телефонынан қоңырау шалу керек).
Содан кейін кассадан фото түсіріп, WhatsApp тобына Онлайн тапсырыс нөмірін және артық қаптама соғылып тұрған тауардың атауын жазу қажет.
Назар аударыңыз! Онлайн тапсырыстарда тауарды ауыстыруға болмайды, себебі кассада жаңа тауар пайда болмайды.
Тек тауар санын түзетуге немесе позицияны (тауарды) толықтай өшіріп тастауға болады.
6. Таңбаланған тауарды босату