i-teka.kz

Тапсырыстармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

Назар аударыңыз! i-teka.kz тапсырыстары бойынша Добрая аптека адалдық жүйесін (лояльность) қолдануға толықтай тыйым салынады.

Фискалдық чекке клиенттің нөмірін енгізуге тыйым салынады!

Бонустарды есептеу және есептен шығару тек тікелей Добрая аптека-да жасалған сатып алулар кезінде ғана рұқсат етіледі!

Бұл ереже барлық онлайн сатылымдарға қолданылады!
i-teka.kz – бұл дәріханалардың ассортименті туралы ақпарат орналасқан бірыңғай анықтамалық қызмет.
Біздің желіде i-teka.kz сервисімен интеграция жоқ.

Бұл қалай жұмыс істейді?

1. Клиент i-teka.kz сайтынан «Добрая аптекада» тауардың бар екенін көріп, атауы мен бағасын нақтылау үшін дәріхананың жұмыс нөміріне қоңырау шалады.

2. Фармацевт, егер тауар осы баға бойынша қажетті мөлшерде болса, оның бар екенін растайды немесе тауар жоқ болса, клиентке аналог ұсынады.

3. Тауар сатылып кетпеуі және клиент үшін резервте тұруы үшін фармацевт клиентке тапсырысты төлеуді (қашықтан шот жіберу арқылы) ұсынады. Назар аударыңыз! Тапсырысты рәсімдеу кезінде клиент төлеген төлем әдісін таңдаңыз.

4. Төлем жасалғаннан кейін тапсырысты алып қою қажет.

5. Клиент тапсырысты келесі жолдармен ала алады:

  • Өзі алып кету (Самовывоз)
  • Курьер шақыру арқылы (клиент мұны өз бетінше жасайды)

6. Төлем жасау кезінде «Рецепт» өрісінде i-teka.kz сервисін көрсету қажет.