Назар аударыңыз! Wolt тапсырыстары бойынша Добрая аптека адалдық жүйесін (лояльность) қолдануға толықтай тыйым салынады.
Фискалдық чекке клиенттің нөмірін енгізуге тыйым салынады!
Бонустарды есептеу және есептен шығару тек тікелей Добрая аптека-да жасалған сатып алулар кезінде ғана рұқсат етіледі!
Бұл ереже барлық онлайн сатылымдарға қолданылады!
Wolt қосымшасы дәріхананың жұмыс телефонына орнатылған болуы тиіс.
Тапсырыс түскен кезде телефонға хабарлама келеді.
Маңызды: Тапсырыс алдымен міндетті түрде Wolt мобильді қосымшасында қабылданып, өңделеді, және содан кейін ғана (10–12 минуттан соң) ол кассадағы «Брондалған тауарлар» (Забронированные товары) бөлімінде пайда болады.
- Тапсырыс түскен кезде телефонға хабарлама келеді — Wolt мобильді қосымшасын ашып, тапсырысты қабылдаңыз.
2. Тапсырыстың дайын болу уақытын көрсетіңіз. Дәріханадағы клиенттерге қызмет көрсетуді ескере отырып, тапсырысты дұрыс жинап үлгеру үшін максималды уақытты таңдау ұсынылады.
3. «Жинауды бастау» (Начать сбор) батырмасын басыңыз. Әр позицияның тұсында, егер тауар бар болса, құсбелгі (галочка) қойыңыз.
4. Барлық позицияларды тексергеннен кейін «Жинауды аяқтау» (Завершить сбор) батырмасын басыңыз. Одан әрі «Жөнелтуге дайындығын белгілеу» (Отметить готовность к отправке) бөлімін таңдаңыз.
! Егер тауар қажетті мөлшерде болмаса- Клиентпен телефон арқылы хабарласып (нөмірі қосымшада көрсетілген), тауардың азырақ мөлшерін жіберуді келісіп алыңыз.
- Егер клиент келіссе: Wolt техникалық қолдау қызметіне (қосымшадағы чатқа) жазып, клиентке сома айырмашылығын қайтару үшін тапсырысқа түзету енгізілгені туралы хабарлаңыз.
Алдын ала тапсырыстар (Предзаказы)- Клиент белгілі бір уақытқа (мысалы, ертеңгі сағат 14:00-ге) алдын ала тапсырыс бере алады. Мұндай тапсырыс қосымшада арнайы белгімен көрсетіледі.
- Алдын ала тапсырыс қосымшада әдеттегі тапсырыс сияқты стандартты тәртіппен қабылданады және өңделеді.
Тапсырыс түскен кезде телефонға
хабарлама келеді —
Wolt қосымшасын ашыңыз.
Тапсырыста сіз:
- Тауарлар тізімін және олардың санын көре аласыз.
Чек тек
курьер дәріханаға келген кезде ғана шығарылады.
- Сервис → Брондалған тауарлар (Забронированные товары) бөліміне өтіңіз.
- Қажетті тапсырысты таңдаңыз.
- Enter батырмасын басыңыз.
- Тауарлар чекке түседі — тапсырысты өткізіңіз (ұрыңыз).
1. Тапсырыстың дұрыстығын тексеріңіз. Мәзірге өтіңіз: Сервис → Брондалған тауарлар (Забронированные товары)
«Брондау» (Бронирование) терезесі ашылады, онда Wolt тапсырыстары көрсетіледі.
Тапсырысты тексеру үшін кассадағы броньды ашыңыз, қажетті тапсырыстың үстінен
сол жақ батырмамен екі рет басыңыз.
Брондау құжаты ашылады.
Тауарлардың позициялары мен санын салыстыру қажет:
- Жоғарғы бөлігі — жүйе брондай алған тауарлар;
- Төменгі бөлігі — «Тапсырыс позициялары» (Позиции заказа), клиенттің бастапқыда тапсырыс бергені.
Егер
«Тапсырыс позициялары» (Позиции заказа) бөлімі көрінбесе:
- Ctrl + 1 пернелер комбинациясын басыңыз, сонда терезе пайда болады
- Немесе оны «Тапсырыс» (Заказ) → «Тапсырыс позициялары» (Позиции заказа) мәзірі арқылы ашуға болады.
Егер бәрі дұрыс болса — тапсырыс мәртебесі «Беруге дайын» (Готов к выдаче) болуы үшін құжатты «сары чемодан» батырмасы арқылы жабыңыз.
Егер тапсырыста қате болса немесе тауар жоқ болса — Wolt техникалық қолдау қызметі (қосымшадағы чат) арқылы тапсырысты тоқтату (отмена) қажет.
Егер тапсырыстағы тауарлардың барлығы түгел болмаса, клиентпен тек бар тауарларды ғана беруді келісуге болады. Клиенттің телефон нөмірін қосымшадан көре аласыз.
Егер клиент келіссе: клиентке қайта есептеу жасалып, сома айырмашылығы қайтарылуы үшін Wolt техникалық қолдау қызметіне (қосымшадағы чатқа) тапсырысқа түзету енгізілгені туралы хабарлау міндетті.
4. КАССАДА ТАПСЫРЫСТЫ ӨҢДЕУ
Назар аударыңыз: тапсырыстар кассадағы «Брондалған тауарлар» (Забронированные товары) бөлімі арқылы өңделеді.
5. ФИСКАЛДЫҚ ЧЕКТІ ШЫҒАРУ
3. ҚОСЫМШАДА ТАПСЫРЫСТЫ ӨҢДЕУ
- Клиенттің телефон нөмірін көре аласыз (қажет болған жағдайда анықтау үшін хабарласуға болады).
- Нақты тапсырыс бойынша Wolt техникалық қолдау қызметіне жазуға немесе қажет болған жағдайда тапсырыстан бас тартуға болады.
Егер тауар таңбаланған болса, жүйе чекті шығару кезеңінде таңбаны сканерлеуді сұрайды.
Тек «Белсенді» (Активный) мәртебесі бар таңбаны, яғни касса нақты сұрап тұрған таңбаны ғана сканерлеу қажет.
Таңбаланған тауармен жұмыс істеу кезіндегі ықтимал қателер:
1. «Мұндай SGTIN-і бар партия табылмады» (партия с таким SGTIN не найдена) қатесі → Компьютерді қайта жүктеңіз немесе бағдарламашыға хабарласып, компьютер мен кассаны қайта жүктетіңіз. Содан кейін чекті қайта шығарып көріңіз. Егер қате қайталанса, тапсырысты агрегатордың техникалық қолдау қызметі арқылы тоқтатуға (отмена) тура келеді (жұмыс телефонынан қоңырау шалу керек).
2. «Бөлімде бар тауардан артық мөлшерді есептен шығару әрекеті» (Попытка списать товара больше, чем есть в отделе) қатесі → Компьютерді қайта жүктеңіз → Егер қате қайталанса, тапсырысты агрегатордың техникалық қолдау қызметі арқылы тоқтатыңыз (жұмыс телефонынан қоңырау шалу керек).
3. Тауардың артық қаптамасы қосылып кетсе (мысалы, клиент 3 қаптамаға тапсырыс берсе, ал касса 4-еуін қосса) → тапсырысты Агрегатордың техникалық қолдау қызметі арқылы тоқтату (отмена) қажет (жұмыс телефонынан қоңырау шалу керек).
Бұдан кейін кассадағы жағдайды суретке түсіріп, WhatsApp-тағы «Онлайн» тобына тапсырыс нөмірін және артық қаптама қосылып тұрған тауардың атауын жазу керек.
Назар аударыңыз! Онлайн тапсырыстарда тауарды алмастыруға (замена) болмайды, өйткені кассада жаңа тауар пайда болмайды.
Тек тауар санын түзетуге немесе позицияны (тауарды) толықтай жоюға ғана рұқсат етіледі.
6. ТАҢБАЛАНҒАН (МАРКИРОВКАЛАНҒАН) ТАУАРДЫ БОСАТУ